БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыТүркістан қаласы «Рабия» бөбекжай – балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы)Түркістан облысы. Түркістан қаласы. Тұңғыш президент көшесі № 32Б ғимарат
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web сайт)Ұялы телефон:+7707-197-12-13
Электрон поштасы: rabiagmail7.com
Web сайт. 
https://rabia-bb.edu.kz/
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшысының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесіОңласбекқызы Фариза Түркістан қаласының  білім бөлім басшысының  2025  жылғы 15 желтоқсан № 24 бұйрықпен меңгеруші болып тағайындалған.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/ куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтама заңды тұлғаның қайта мемлекеттік тіркеуден 11.01.2018ж өткен. БСН 180140012656  
6Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мемлекеттік лицензия 15.05.2018жыл KZ33RVK00016674
7Құрылған жылы2018жыл
8Типтік ғимаратЕкі қабатты ыңғайластырылған
9Топтар саны5топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі/ орыс тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер: Ӏ ауысым; ӀӀ ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпенЖас ерекшеліктері: 5 жас – МАД топ, 4 жас — ересек топ, 25-30 минут 3 жас -ортаңғы топ, 15-20 минут 2жас-кіші топ, 15-20 минут      
14МҰД – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 110балаға арналған. 29.01.2026 жылы №NХ11.ХKZ79VWF00075851 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

 Балабақша ғимараты 2 қабатты типтік жобада ыңғайластырылған. Балабақша 110 орындық, 5 топ жұмыс жасайды. «Құлыншақ» ортаңғы топ 3 жас, «Звездочка» ортаңғы топ 3 жас,  «Қарлығаш» ересек топ 4 жас, «Солнышко» МАД тобы 5 жас, «Таңшуақ» кіші топ 2 жас. Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 8:00- бастап 18:30 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада  5 топта  ойын бөлмелері, жатын бөлмелері, жуынып – шайынатын бөлмелері  бар. Бұдан басқа мед кабинет, акт залы, ата-аларға кеңес беру, асхана, қойма,  әдістемелік кабинеті бар. Материалдық – техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған.  Жылу жүйесі,  кәріз жүйелері  кіргізілген. Су , электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт – дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.  Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал- сайман жабдықтарымен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған.Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, бөлек қоршаулармен  бөлінген. Балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған.